Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер Азамат Сатыбалды Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына арналған референдумда дауыс берді.
Актер азаматтардың бүкіл ел үшін маңызды шешім қабылдауға қатысуларының маңыздылығын атап өтті.
«Әрқайсымыз осындай іс-шараларға қатысуымыз керек. Біздің балаларымыз бен ұрпақтарымыз ең жақсы нәрсеге ие болуы керек және біз оған бар күшімізді салуымыз қажет. Референдум - бұл Қазақстанның болашағына өз үлесін қосу мүмкіндігі», - деп атап өтті Азамат Сатыбалды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.
Пікір қалдыру