Алматы облысында «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты аудандық мерекелік іс-шара өтті. Бұл шара ұстаздардың қоғамдағы рөлін құрметтеу және олардың қажырлы еңбегін мойындау мақсатында ұйымдастырылды.
Шонжыда өткен іс-шара барысында үздік педагогтер түрлі марапаттарға ие болды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен 6 педагог, Құрмет грамотасымен 20 педагог, министрліктің Алғыс хатымен 61 педагог марапатталды. Сонымен қатар, “Еңбек ардагері” медалімен 3 педагогтың ұзақ жылғы еңбегі бағаланып, оларға ерекше құрмет көрсетілді.
Алматы облысы білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен 81 педагог марапатталды. Аудан әкімінің атынан 18 педагогқа алғыс хат табысталып, өз саласында озық нәтиже көрсеткен 100 педагогтың еңбегі ескерілді.
Шараға арнайы қатысқан қонақтардың қатарында “Өрлеу” Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы” АҚ филиалының Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты директорының орынбасары, PhD докторы Масимова Хуршидам Ташболатовна, аудан әкімі Елеусізова Бота Серікқызы және қоғам белсенділері болды. Қонақтар ұстаздарға алғыс білдіріп, олардың білім беру саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Пікір қалдыру