Қырғызстан мемлекеттік аурухана басшыларына жекеменшік емханаларда жұмыс істеуге тыйым салмақ

/image/2024/10/07/crop-86_14_480x640_751aca6f2fa13f86449193b74490398f.jpg

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заңға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Депутат Айсұлу Мамашованың айтуынша, заң жобасы Қырғызстан азаматтарына сенімді және сапалы медициналық көмек көрсету үшін әзірленген.

«Мемлекеттік медициналық мекеме басшыларын жекеменшік емханаларда бір мезгілде жұмысқа орналастыруға тыйым салу ұсынылып отыр. Мемлекеттік медициналық мекемелерде басшылық қызметтерді атқаруды және жекеменшік емханаларда жұмыс істеуді шектеу сыбайлас жемқорлық схемаларының ықтималдығын азайтуға, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға және халықтың денсаулық сақтау жүйесіне сенімін арттыруға бағытталған», - деп атап өтті халық депутаты.

Құжатты талқылау барысында тек басшыларға ғана емес, медициналық мекемелердің бөлім басшыларына да жекеменшік емханаларда жұмыс істеуге тыйым салу туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік медициналық мекеме басшыларының жалақысын көтеру және олардың қызметте болу мерзімін 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарту мәселесі көтерілді.

Бұған дейін Қырғызстан парламенті енді заң қабылдауға асықпайтыны туралы хабарланған болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар