Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

/image/2024/10/09/5804977_140_0_2016_1407_1920x0_80_0_0_47dc7f416d1417fe5524b4262ba29c61.jpg

Сот қамауда ұстау мерзімін 19 қыркүйекте бірден үш айға ұзартты.

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау шарасын 2024 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берді", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс тергеуі аяқталған. Қазір қылмыстық іс қатысушылары іспен танысып жатыр. Содан кейін іс сотқа жолданады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар