Контрабанда: Қазақстаннан 10 вагон мұнай ұрлап бара жатқандар ұсталды

/image/2024/10/09/crop-0_33_624x1109_1200xauto_hufu7edmyczziacv3llzivrci1jhmcly78a4zwq6.jpg

Ішкі істер министрлігі Қазақстанға жақын бір елге қарай бағыт алған 10 вагоннан құны 120 млн теңге болатын 750 тонна мұнай тәркіледі. 

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, вагондар іргелес бір елге жөнелтілмек болған. Бірақ, нақты қай мемлекет екені нақтыланбаған.

«Мұнай өнімдерін рұқсат құжатсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді жедел-тергеу өтіп жатыр», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар