Арман Қасеновтің сөзінше, АЭС-ті кім салатыны әлі белгіленген жоқ.
"Қазір оны кім салады, қай елдер салады деген сияқты шешім қабылданған жоқ. Демек оны қалай қаржыландыратыны туралы да айтылмады. Атом электр станциясын қаржыландырудың бір нұсқасы – бөліп төлеу жүйесімен салу. Яғни, оны салатын компания төлем мерзімін ұзарта алады. Тиісінше, қаржыландыруға қаражат қажет болмауы мүмкін", – деді вице-министр.
Қасенов журналистердің "АЭС Қазақстан үшін тиімсіз бола ма" деген сұрағына жауап берді. Айтуынша, бұл жоба елімізге шығын әкелмейді.
"Энергия өндіретін барлық жобалардың өзіндік құны бар. Олар тарифке енгізілген. Бұл жоба мен басқа да энергия өндіруші кез келген жоба сол себепті тиімсіз деп есептелмейді", – деді вице-министр.
8 қазанда Орталық референдум комиссиясы Қазақстанда АЭС салу бойынша Республикалқ референдумның нәтижелерін шығарған еді. Мәліметтерге сәйкес, АЭС салуға 71,12% адам келіскен. Осылайша, референдум өтті деп саналған.
Пікір қалдыру