Қостанайда бес бала қаза тапқан өрттің алдын ала себебі айтылды

/image/2024/10/11/crop-0_11_900x1600_17718-1648533914-m.jpg

2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының төтенше жағдайлар бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Облыстық прокуратура мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіруге 19 адам және 5 техника жұмылдырылған. "Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын ала себебі - пешті қараусыз қалдыру. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы ҚР Бас прокурорының бақылауына алынды", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар