Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбекмині Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе біліктілік курсын өткізетінін айтты.
Министрдің айтуынша, елімізде әлеуметтік қызметкердің көбінің тиісті білімі және біліктілігі жоқ.
- Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің тиісті біліктілігі жоқ. Салада мамандығы басқа адамдар жұмыс істейді. Енді министрлік олардың біліктілігін көтереді. Әлеуметтік қызметкерлер бар болғаны 16 мың теңгеден төлеп, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, - деді Жақыпова.
Оның айтуынша, әлеуметтік қызметкер skills.enbek.kz сайтында өзіне ыңғайлы уақытта оқудан өте алады.
Пікір қалдыру