Хасан Қасымбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

/image/2024/11/04/crop-14_10_562x999_cover-site-3213-12-1024x576.webp

2021 жылдың маусымында Талғардағы ер адамды топпен ұрып-соғып жатқаны туралы видео тарады. Сипаттамада жәбір көрген ер адамның ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екендігі атап өтілді.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, алдымен оны бір топ адам өнеркәсіптік комбинат ауданындағы "Виктория" минимаркетінің алдында ұрып-соққан. Кейін Кеңдала кентінің маңындағы каналға апарып, ес-түссіз екеніне қарамастан тағы ұрған. Одан әрі ауыр жағдайда Талғар орталық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Кейін оған тағы қысым көрсетпеу үшін оны Алматы медициналық мекемесіне ауыстырған.

Осы жайтқа байланысты Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен сотталған бес күдікті ұсталды. Бүгінде олар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуді жалғастыруда.

Еске салсақ, "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасен Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік.  Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың өліміне кінәлі "Хутор" бандасының қатысы бар деген ақпарат тараған еді. Алайда Хасан Қасымбаев өзінің бұл іске қатысы жоқ екенін айтып, үндеу жасады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар