Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

/image/2024/11/22/67401af09814f.jpg

Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.

Уәкілетті құрылымдардың басшылығына Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеген болатын. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар