Енді Қазақстанда "Даун" синдромын жүктіліктің 10-шы аптасында анықтай алады

/image/2024/11/25/crop-0_27_576x1024_veden_berem.jpg

Жаңадан енгізілген технология ел президентінің іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында қолданыла бастады. Сондай-ақ жаңа әдіс жүктіліктің 10-шы аптасынан бастап Даун синдромын 99 пайыздан астам дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу үшін анадан қан үлгісін алса жеткілікті.

"Әдіс ананың қанындағы ұрықтың жасушадан тыс ДНҚ-сын талдау арқылы жүргізіледі. Даун синдромынан бөлек, Эдвардс синдромы (трисомия 18), Патау синдромы (трисомия 13) және жыныстық хромосомалық бұзылыстарды анықтай алады. Процедура қауіпсіз, инвазиялық араласуды қажет етпейді. Сондықтан ана мен ұрық денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді”, – делінген хабарламада. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар