Ресей 2025 жылы Байқоңырдан әскери зымырандар ұшырмайды

/image/2024/11/29/crop-0_22_506x900_de701e1456bbcfadb588045949c3db7a_xl.jpg

Ресей 2025 жылы Байқоңыр ғарыш айлағында әскери зымырандарды ұшырмайды және сынақтан өткізбейді. 

Ресей Қазақстан үкіметіне "2025 жылға арналған ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын" дипломатиялық арналар арқылы тапсырды. Аталмыш құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

“Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынылған жоспарда әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру, сондай-ақ "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоқ екенін хабарлады”, – делінген хабарламада. 

Құжатқа сәйкес, 2025 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру "Ресейдің ғарыш қызметі" мемлекеттік бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық жобалар аясында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, келісімшартқа сәйкес Ресей жыл сайын 30 қарашадан кешіктірмей Қазақстанға ғарыш аппараттарын ұшыру және ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоспарын беруге міндетті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар