Үкімет АӨК дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Қазақстанда Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды.
Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады, оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылатын болады.
Бүгіннен бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды.
684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 176 өтінім жұмысқа қабылданды.
Пікір қалдыру