Бағасы арзан, бірақ бәріне жетпейді: министр газ тапшылығы туралы айтты

/uploads/thumbnail/20250423121534748_big.webp

Газбен жүретін автомобильдер саны 677 мыңға жеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрлік ай сайын өңірлер бойынша шамамен 130 мың тонна сұйытылған газ бөледі. Алайда, газ тарату көлемі өңірлердің қажеттілігінен 25-30 мың тоннаға немесе 23% - ға аз. Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, 2024 жылы газбен жүретін автомобильдер саны 677 мың бірлікке жетті немесе 2023 жылмен салыстырғанда 16% - ға өсті, - дейді Ақкенженов.

Министрдің сөзінше, оның себебі - сұйытылған газ бағасы арзан.

Сұйытылған газ бағасының төмен деңгейінің белгіленуіне байланысты еліміздің автокөлік жүргізушілерінің отынның осы түріне ауысуы байқалады. Бұл өз кезегінде тұтынудың өсуіне себеп, - дейді ведомство басшысы.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар