ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді

/uploads/thumbnail/20250611104114258_big.webp

2025 жылғы 16-17 маусым күндері Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асады.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мен нығайту мәселелерін талқылайды.

Бұдан бөлек, 17 маусым күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді.

Қатысты Мақалалар