Екібастұз моноқала мәртебесін жоғалтуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20250619123421084_big.webp

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңес өткізді. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес моноқалаларды дамытудың жаңа тәсілдері қаралды. Кеңесте Екібастұз қаласының моноқала мәртебесінен айырылуы мүмкін екені айтылды.

"Қазіргі уақытта Екібастұздың экономикалық құрылымы әртараптанып, ол көпсалалы қалаға айналып келеді. Осыған байланысты, қала үшін моноқала мәртебесі өзекті емес болып қалуда", – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр инфрақұрылымдық саясатты жаңарту және жетілдіру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, моноқалаларды дамытудағы басты міндет – жеке инвестиция тарту.

"Иә, біз әр қалада аурухана, мектеп, стадион және өзге де әлеуметтік нысандар сала аламыз. Бірақ егер жұмыспен қамту болмаса, адамдар сол жерде тұрғысы келмейді. Сондықтан ең маңызды міндет – инвестиция тарту. Инвесторларға нақты жағдай жасау қажет: бос тұрған ғимараттар мен жер телімдерін ұсынып, жаңа кәсіпорындар ашуға мүмкіндік беруіміз керек. Мұндай тәсіл болмаса, даму да болмайды", – деді Олжас Бектенов.

Ол Саран, Екібастұз және басқа да моноқалаларда алғашқы нәтижелер байқалып отырғанын атап өтті. Дегенмен бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту қажет екенін ескертті.

Қатысты Мақалалар