Нұрғанат Ғайыпбаевтың жұмбақ өлімі мен Қаржаубайдың үйін өртеу ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр – ІІМ

/uploads/thumbnail/20250619125936944_big.webp

Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі мен Қаржаубай Нұрымовтың Талғардағы үйін өртеу оқиғасына қатысты қылмыстық істердің тергеліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 18 маусымда журналистердің сұрағына жауап берген кезде айтты. Министрдің айтуынша, аталған істер арнайы прокурордың өндірісінде. "Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір қандай да бір нақты түсініктеме бере алмаймын. Бірақ бәрін бақылауда ұстап отырмыз", – деді ол.

Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу де әлі аяқталған жоқ. Бұған дейін полиция марқұм өз-өзіне қол жұмсаған деген нұсқаны ұсынған. Алайда оның туыстары бұл тұжырыммен үзілді-кесілді келіспейтінін мәлімдеген.

2023 жылдың күзінде Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полат бір топ адамның қолынан қаза тапқан. Араға көп уақыт салмай, марқұмның отбасына тиесілі үй өртке оранып, Шерзаттың жақын ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев күмәнді жағдайда көз жұмған еді.

Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталып, айыпталушылар 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Алайда отбасына қатысты орын алған өзге екі оқиға – үйдің өртенуі мен Ғайыпбаевтың өліміне байланысты тергеу нәтижелері әлі күнге дейін жарияланған жоқ.

Қатысты Мақалалар