Кәкен Қамзин ұстазға көмек қаражат жинау басталды

/uploads/thumbnail/20250705232855080_big.webp

Белгілі журналист, Қазақстар жазушылар одағының мүшесі Какен Қамзин алаяқтарға алданып, үйін сатып жіберген. Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша іс қозғады. Бұл туралы facebook әлеуметтік желісіне журналист Айбар Олжаев хабарлады.

«Алаяқтар ардагер журналист, профессордың сенгіштігін пайдаланып кинодагыдай әрекет еткен. Алдымен Энергосбыт адамдары ретінде хабарласып, мекен-жайы, ЖСН, пәтері туралы ақпаратты біліп алған. Артынан Ұлттык қауіпсіздік комитетінің атын жамылып хабарласып, біреулердің, үйін тартып алайын деп тұрганын айтып, тез үйін сатуга көндірген. Ал ақшаны Ұлттык банктің арнайы шотында сақтайсыз деп алдаған. Профессор нотариус арқылы үйін сатып, ақшаны алаяқтар жіберген
курьерге бере салган», деп жазылған хабарламада.

Жаңа пәтер иелері күндіз-түні келіп, пәтерді босатуды талап етіп жүрген көрінеді. Бұл жағдайға алаңдаушылық білдірген қоғам белсенділері Ішкі істер министрі Ержан Саденовтен істі жеке бақылауға алуды сұрауда. Сонымен қатар, қоғам белсенділері мен заңгерлерден – әсіресе белгілі адвокат Абзал Құспаннан – құқықтық көмек сұрап жатыр.

Сондай-ақ журналистер Кәкен Қамзинге көмек ретінде сбор ашылғанын хабарлады. 

«Алаяқтарды анықтап, ағай беріп жіберген ақшасын қашан қайтаратыны белгісіз. Сондықтан сбор ашуды жөн деп шештік. Қалың қазақ журналисі қайрат қылып, қарт профессорға 33 млн теңге жинау керек болып тұр», делінген Нұрболат Адырбектің парақшасында.

Ардагер журналист Кәкен Қамзинге көмектесем деушілер болса 87072805030 (Ербол Азанбек) нөміріне қаражат жіберсе болады.

Қатысты Мақалалар