"Пара алды": Көлік вице-министрі қызметінен босатылды

/uploads/thumbnail/20250807122718449_big.webp

Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады. 

Тамыз айының басында вице-министр Сәтжан Аблалиевтің пара алып жатқан жерде ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Кейінірек Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі вице-министрдің ұсталғанын растады, бірақ оның есімі нақты аталмады.

"ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алды деген күдікпен көлік вице-министрін ұстады және ол сот санкциясымен қамауға алынды", – делінген ведомство хабарламасында.

Қызмет пара алу фактісі бойынша жедел түсірілген бейнематериалдарды жариялады. Кадрларда құқық қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып, кейін оның үйінде тінту жүргізіп жатқаны көрінеді. Тергеу барысында вазадан қомақты көлемде қолма-қол ақша тәркіленген.

Қатысты Мақалалар