Президент Кемел Тоқаев атындағы мектеп-гимназияны аралап көрді

/uploads/thumbnail/20250822180741079_big.webp

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапары барысында президент Садыр Жапаровпен бірге ел астанасы Бішкек қаласында орналасқан № 33 Кемел Тоқаев атындағы мектеп-гимназияны аралап көрді. 

 

Ақорданың Telegram-арнасында бұл туралы мынадай ақпарат берілген:

 

«Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдары Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Қазақстан Президентінің әкесі – соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаев дәл осы жерден майданға аттанған.

 

Білім ошағына К.Тоқаев есімін беру туралы бастаманы Президент Садыр Жапаров биыл мамыр айында көтерген болатын.

 

Мемлекет басшысы білім ордасының ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесті».

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар