Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Республикасының президенті Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі», - деп жазды Ақорданың Telegram-арнасы.
1991 жылы 24 тамызда УКСР Жоғары кеңесі Украинаның егемендігі туралы Қаулы қабылдаған еді. Украинада бұл күн – ұлттық мереке, мемлекеттік маңызды күн саналады.