Қазақстандағы халық саны 20,4 миллионнан асты

/uploads/thumbnail/20250905105347679_big.webp

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 тамызға қарай елде халық саны 20 407 844 жетті. 

12,9 млн адамы – қалада, 7,4 млн ауылда тұрады. Халық ең көп шоғырланған аймақтарға: Алматы қаласы (2,2 млн), Түркістан облысы (2,1 млн), Астана қаласы (1,5 млн), Алматы облысы (1,5 млн), Алматы облысы (1,5 млн), Шымкент қаласы (1,2 млн), Жамбыл облысы (1,2 млн) Қарағанды (1,1 млн) облысы жатады.

Бюро мәліметінше, биыл халық санының өсімі алдыңғы жылдарға қарағанда баяулау.

Халқы ең көп өңірлердің көш басында Алматы қаласы тұр. Оңтүстік астанада 2 234 963 адам тұрады. Екінші орында – Түркістан облысы. Оңтүстіктегі өңірде 2 142 058 адам бар. Үшінші орынды 1 532 985 адаммен Алматы облысы түйіндейді. 

Қатысты Мақалалар