Сыртқы істер министрлігі Катардағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады Qaamshy.kz ақпарат агенттігі. СІМ орынбасары Әлібек Бақаев елдегі жағдай бақылауда екенін айтты.
"Жағдайды зерттеп отырмыз. Ол үлкен, күрделі мәселе. Шешімге келу үшін мықты саяси себептер болуы керек", дейді Әлібек Бақаев.
Кеше Израиль Катар астанасын бомбалаған еді. Бұған қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдіріп, Израильдің шабуылын айыптады.