Қазіргі кезеңде экологиялық проблемалар жаһандық сипатқа ие болуда. Климаттың өзгеруі, су ресурстарының азаюы, ауаның ластануы және өндіріс қалдықтарының көбеюі адамзат алдында тұрған күрделі мәселелер болып табылады. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік және орнықты даму қағидаттары кез келген мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының біріне айналуда.
Тұрақты даму ұғымы
Тұрақты даму – бұл болашақ ұрпақтың мүмкіндіктеріне зиян келтірместен қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру принципіне негізделген даму моделі. Ол экономикалық өсу, әлеуметтік әл-ауқат және қоршаған ортаны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтауды талап етеді.
Экономикалық жетістік табиғи ресурстарды тұрақсыз пайдаланумен өлшенбеуі керек. Керісінше, ресурстарды үнемді пайдалану, қалдықтарды азайту және "жасыл" технологияларды енгізу ұзақ мерзімді дамудың кепілі болып табылады.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
Экологиялық қауіпсіздік тек мемлекеттік саясатпен шектелмейді. Әрбір азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігі маңызды рөл атқарады. Қоқыстарды сұрыптау, су мен энергияны үнемдеу, табиғаттың ластануы емес-қарапайым, бірақ тиімді әрекеттер.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру білім беру жүйесінен басталуы керек. Мектептен бастап табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттау-болашақта саналы ұрпақты тәрбиелеудің негізі.
Жасыл экономикаға көшу
Жасыл экономика-экологиялық таза өндіріс пен жаңартылатын энергия көздеріне негізделген даму бағыты. Күн, жел, су энергиясын пайдалану қоршаған ортаға зиянды азайтады және энергетикалық тәуелсіздікті арттырады.
Сонымен қатар, экологиялық инновациялар жаңа жұмыс орындарын құруға және экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Бұл қоршаған ортаны қорғау мен экономикалық өсуді үйлестірудің тиімді әдісі.
Құқықтық реттеу және жауапкершілік
Экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін тиімді құқықтық тетіктер қажет. Заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік нақты және әділ болуы керек. Сонымен қатар, Бизнестің экологиялық жауапкершілігін арттыру маңызды.
Мемлекет, бизнес және қоғам бірлесіп әрекет еткенде ғана экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізуге болады.
Экологиялық қауіпсіздік табиғатты қорғау мәселесі ғана емес, ол ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық әл-ауқаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Тұрақты даму қағидаттарын ұстану арқылы ғана біз болашақ ұрпаққа таза орта, қауіпсіз өмір және тұрақты экономика қалдыра аламыз.
Табиғатқа жауапкершілікпен қарау-әр азаматтың борышы және елдің болашағына қосқан үлесі.