Қиялымның біразын таппай жүрмін

/uploads/thumbnail/20170708201832075_small.jpg

Біздің бала кез Кеңес одағының кезі еді ғой. Сол бала күндерде қиялданғаным әлі есімде. СССР тарап, 15 республика әрқайсысы өз алдына ел болып бөлінсе, біздің Қазақстандағы 17-18 облыс әрқайсысы өз алдына республика (одақтың өзіміздегі түрі) болып, басқалармен еншілес емес, өз алдына, бөлек мемлекет болсақ. Өзіміздің туымыз бар, гербіміз бар, шығарған өнімдерде «Қазақ елінде жасалған» немесе «Қазақ республикасында жасалған» деген таңба қойылса. Шетелдің күшті күшті технологияларын елімізге кіргізіп, біртін-біртін біздің технология етіп бейімдеп, өзіміздің өндіріс орны етіп алсақ. Әлемге қажетті заттарды Америка, Жапония, Корея секілді шығарып, шетелге сатып дамысақ. Машина, трактор, басқа да техниканың, сонымен қатар тұрмыстық, киім мен басқа да азық-түліктердің түрлі-түрлісін өндіріп әлемге саудаға шығарсақ – деп қиялдаған едім! Ол кезде 10 жастан енді асқан кезім! Қазір осы қиялымның біразын көріп, біразын іздеп таппай жүрмін! ))))) мен дұрыс қиялдай алмаймын ба, әлде.............. ))))))))))))

Тәуке Болатбаевтың Фейсбук парақшасынан

 

Қатысты Мақалалар