Мөлдір Әуелбекованың үйлену тойы қашан өтетіні белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170708201837043_small.jpg

“Кешью” тобының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбекова тойын желтоқсан айының ортасына жоспарлап отыр. Әртістің жүрегін жаулаған жігіттің есімі Арыстан екені де белгілі болды. Бұл туралы "Қамшы" порталы Comode.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Мөлдір Әуелбекова сүйіктісінің суреттерін әлеуметтік желіде жиі жариялаған еді. Бірақ, әртіс болашақ жарының кім екенін және үйлену тойының қашан болатыны жайында тіс жармаған.

Енді Мөлдір үйлену тойы желтоқсанның ортасына жоспарлағанын тыңдармандарына жеткізді. Бұған қоса, Әуелбекова жігітінің шығармашылыққа еш қатысы жоқ екенін де меңзеген.

Қазірде Мөлдір неке қию салтанатына қызу дайындық үстінде. Әнші Instagram парақшасында шақыру билеттерінің суретін жүктеп қойған.

Қатысты Мақалалар