Əдетте көпшіліктің жедел жəрдем қызметіне көңілі толмайды. Бірақ, мен бүгін осы сала мамандарына риза болдым. Қызым түнде құлағы аурып, мазасызданды. Жылы дəке қойған соң ауырғаны басылып ұйықтап қалған. Таңертең жылап оянды. Құлағы түндегіден де қатты ауырып тұрғанын айтты. Жылы дəке көмектеспеді. Содан жедел жəрдем шақырдым. Олар көп күттірмей келді. Жылдам баланың дене қызуын, тамағын, құлағын тексеріп, укол салды. Ең бастысы, қызыма үлкен адамша сөйлеп, ем - дом жасады. Өз басым ауырған адамды қымбат аппарат пен дəрі емес, дəрігердің жанашырлығы мен жылы сөзі емдейді деп ойлаймын. Бүгін бізге келіп, алғашқы медициналық жəрдем жасаған дəрігерлерден осыны сезініп, риза болдым. Дəрігер болу оңай шаруа емес. Қанша адамның денсаулығына алаңдап, өміріне араша түсетін жандарға құрметпен қарайық. Олар да өзіміз сияқты адам, бірімізге ана, бірімізге апа, бірімізге бауыр, аға - іні. Жақсылығын асырып алғыс айтайық, мақтайық, сыйлайық. Сөздің құдіреті күшті, жаман дей берсе шынымен жаман болады. Біздің дəрігерлер ең мықты, ең білімді, ең мейірбан деп айта берейік, айта берейік. Алғыс айтамын, Сіздерге, құрметті дəрігерлер!
Гүлжан Қалтайқызы Омарова Фейсбук парақшасынан