Сыртта бес миллион қандасымыз бар, солар елге келу керек. Енді келмесе олар сол мекендеріне жұтылып құриды. Түркі тектес қазаққа жақын ноғай, қарақалпақ сынды халықтарды оралман бағдарламасына іліктірген жөн. Ауғанстандағы - құрама, қоңырат, барлас, қоралас, найман, қыпшақ сынды Ауғанстанның солтүстігінде тұратын түркі тектес халықтарға назар аудару керек. Бұл халықтар баяғыда Жиделі Байсын жерін асып кеткен бізге бауырлас халықтар. Ары қазсақ Ауғанстандағы хазара халқы да бізге етене жақын халық боп келеді. Ресейден, Қытайдан Қазақстанға қоныс аударамын деген түркі халықтарына бір жеңілдіктер қарастырамыз ба, бұны да ойлаған жөн. Мысалы Түркияда түркі халықтарына азаматтық алу - екі ақ жыл. Бізге халық санын көбейтуді дереу қолға алу керек болып тұр. Елдегі 11 миллион қазақ дегеніміз таза масқара - Ресеймен біздің шекараны қорғауға бала шағамызбен тізіліп шықсақ да санымыз жетпейді. Әйелдеріміз екі баладан артық тумайды. Ал мына далиған жерді қайтсек те халықпен толтыру керек. Қазақ боламын деген халықтарды бауырға тарта берген дұрыс, маңымыздағы түркі халықтарының жағдайы мәз емес, осыны да пайдаланып қалайық. Жалпы бұл мәселенің басқа сан жолдары бар, соны ойласалық
Олжас Әбіл Фейсбук парақшасынан