Қытай астанасы Пекинде «Халал» өндірушілерінің форумы өтуде. Бұл форум Қытайдағы «Халал» өндімдерімен айналысатын кәсіпорындардың басын қосады. Сондай-ақ, шетелдегі мұсылман компанияларда аталмыш форумға қатысып, Қытайдағы «Мұсылман» тағамдарын өндірушілермен өзара іскерлік қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие болады. Басты мақсат – «Халал» өнімдердің таралымын арттырып, оның даумына Қытай мемлекетінің назарын аударуды көздейді.
Бұл форумға Қытайдағы аз ұлт өкілдері арасында «Жұңго қазақ студенттері ұйымының» жетекшісі Нұрдәулет Бөкейханұлы қатысуда. Нұрдәулеттің айтуынша, Қытай елінде «Халал» өндірісімен негізінен дүңген ұлтының кәсіпкерлері айналысады. Ұйғыр компаниялары да құр алақан емес. Сондықтан, алдағы уақытта Қытайдағы қазақтарды да осы өндірісті дамытуға жебеу кезек күттірмейтін іс. «Онсызда аспан асты елінде қазақ тағамдарының сұранысы айтарлықтай жоғары. Тек соны жүйелі насихаттап, өндіріс көлемін арттыу қажет» – дейді Нұрдәулет Бөкейханұлы.
Айта кетерлігі, Қытайда кез келген өнімнің қорабына «Халал» немесе халал еместігі жайлы ақпарат берілу міндетті.
Пікір қалдыру