Біздің депутаттар намыссыз ба?

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Қазақ зиялы қауымы Кедендік одақ жағдайында қазақ тілінің өркендейтініне мүлде сенбейді. Керісінше, Путин билігі тұсында Қазақстанға Ресей ықпалы одан сайын күшейе түседі дейді қайраткерлер. Ал, халық мүддесін қорғауға тиіс Қазақстан Парламенті ұлттық мәселеде Украин Радасы сияқты күресе ала ма?

ТЕМІРХАН МЕДЕТБЕК, АҚЫН: -Ешқандай да күресе алмайды. Өйткені біздің депутаттарымыз сондай жігерсіз, сондай намыссыз. Қажеттілік тумай қазақ тілі мәртебесі көтерілмейді. Қажеттілік тудыру керек. Ақын Темірхан Медетбектің айтуынша, Қазақстанда 80 пайыз халық қазақша сөйлейді деген жалған сөз. Оның айтуынша, билік қазақ тілін қолға алмай, ештеңе өзгермейді. Ал, жазушы Герольд Бельгердің пікірінше, "қазақ депутаттары тіл мәселесін Парламентте қоя алмайды да, қоймайды. Оған депутаттардың өресі жетпейді, түсінігі тар. Сондықтан, олардан ешқашан үміт күтуге болмайды"- дейді жазушы. Соңғы санақ нәтижесі бойынша, Қазақстандағы халықтың 70 пайызы қазақша сөйлейді. Алайда, көптеген мемлекеттік органдар істі қазақ тілінде жүргізуге құлықсыз. Бірнеше министр қазақ тілінде мүлде баяндама жасай алмайды. Ал, тәуелсіздік алғалы Парламентте тек екі заң ғана қазақ тілінде қабылданған. Қалғаны - аударма.

31 телеарна

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар