Жаңа қала бой көтермек

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Қорғас  шекара маңы халықаралық орталығында жаңа қала бас көтермек. Бұл туралы   мамырдың 26-шы жұлдызы күні елбасының Алматы облысына жасаған сапары кезінде  мемлекет басшысының хабарлағандығын Қазақпарат жеткізді.

«Қорғас-Алматы арасында автокөлік жолы салынады. Қытаймен сауда-саттық өседі. Қорғаста әуежай бой түзейді. Тұрғын үй және тағы басқа да инфрақұрылымдар салынып, ол жерде барлығы болады. Сол қаланы Алматымен байланыстыратын барлық дәліздер салынады»,-деді Мемлекет басшысы.

 «Бүгін мен үшін үлкен оқиға. Қорғас-Жетіген темір жолы өткелін көрдім. Енді сауда мен тасымалдау көлемі 50 млн. тоннаға дейін ұлғаятын болады. Бұл Қазақстан экономикасының дамуы үшін және үлкен Қытай нарығын қолдану үшін керек»,- деді ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев.

 Қамшы сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар