Total.kz сайтының хабарлауы бойынша «Vласть» интернет-журналы Қазақстан аймақтарының ең беделді әкімдернің рейтингін құрған. . Аймақ басшысының "беделдігі" "өз еркімен шешім қабылдай алуы" және "ел деңгейіндегі байланыстардың болуына" қарай бағаланған. Барлық облыс әкімдері қатысқан рейтинг нәтижесі сарапшылар арасында жүргізілген сауалнама негізінде анықталды. Сауалнамаға 80-ге жуық маман қатысқан. Олардың ішінде саясаттанушылар, журналистер, экономистер және әлеуметтанушылар, қоғам қайраткерлері де бар.
Ғаламтор журналының редакциясы сарапшыыларды әкімдерге беделділігі бойынша баға қоюын сұраған. Басылым "басқа рейтингтегілердей өздерінің рейтингі де нағыз объективтілікке құрылған" деп айта алмайтынын ескертіп, үздіктер тек сарапшылардың пікірі бойынша анықталғанын жеткізіпті.
Сонымен үздік әкім ретінде 2008 жылы Астана әкімі болып тағайындалған 55 жасар Иманғали Тасмағамбетов танылса, екінші орынды қанжығасына байлаған Ахметжан Есімов болды. Ал қола жүлде иегері ретінде Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов тәмамдайды.Төртінші орында ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов, Ақмола облысының басшысы Қайрат Қожамжаров, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев, Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов, ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев және Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов қанжығаларына байлады..
Пікір қалдыру