Қарашаның тоғызыншы жұлдызында басталатын комедия жанрындағы «Бригада» атты телехикая 31 арнаның өз өнімі. Сюжет тартымды кейіпкерлер, шытырманға толы оқиғаларымен ерекшеленеді. Ауқымды сериалдың саундтрегі ретінде жас әнші Серік Ибрагимовтың «Жаяу» әні таңдалды. Сондай-ақ көрермендер соңғы кезде әр әні хитқа айналып жүрген Серікті актерлік қырынан танитын болады.


Телехикаяда шет елде білім алып, бастық болуды армандайтын жас жігіттің тағдыры баяндалады. Бірақ, керісінше өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көрсін деген ниетте дәулетті әке баласын қара жұмысқа салады. Кәсіпкер боламын деген жігіт осылай қарапайым жұмысшыға айналады. Қиын жұмыс істеп көрмеген Данияр алғашқы күні-ақ қашып кетудің амалын қарастырады! Алайда, аяқ-астынан бәрінен бас тартады. Мұндай шешімге келген бай баласына не кедергі болды екен? Ол жағын әзірге құпия ұстайық.
9-шы қарашадан бастап сағат 23.00 «31 арна» эфирінен көрсетіледі!