22 ақпан күні Жер бетінде Рагна́рёк (Ragnarök) болуы мүмкін. Герман-скандинав мифологиясында бұл құдайлар мен бүкіл әлемнің өлімі деп аталады. Бұл күні Фенрир деп аталатын алып қасқыр Күнді жұтып, әлем түнекте қалады деп сенеді Еуропа халқы.
Аңызда айтылғандай, ақырзаман алдында үш жыл қатарынан қыс күшіне мініп, шекаралар жойылады. Сонымен қатар, ұлы соғыс болып, Один, Тор және Фрейр құдайлары қаза табады. Ең соңында жалғыз еркек пен әйел ғана қалады және олар адамзат өмірін одан әрі жалғайтын болады делінген осынау аңызда. Англияның солтүстігіндегі Йорк қаласында викингтер жыл сайын осы күнді мерекелейді. Егер 22 ақпанға дейін қыс аяқталмаса онда Рагнарёк орын алуы мүмкін деп сенеді олар. Осы аптаның сенбісінде 300-ге жуық викинг өздерінің ұлттық киімдерін киіп, Йорк көшелерімен жүріп өтпек. Ал, викингтердің тарихы мен мәдениетін зерттейтін норвегиялық орталық жетекшісі Даниэль Даглан аңыздың астарында шындықтың жатқанын айтып отыр. "Ақырзаманның орнауы екіталай, әрине. Алайда, шекаралардың жойылуы болып жатыр. Оны тікелей түсінуге болмайды. Мысал ретінде интернетті алуға болады. Ол барлық шекараны бұзды" дейді ғалым.