Қазақ көрермені тек Ресейге және орыс тіліне байланып қалмауы керек

/uploads/thumbnail/20170708151241184_small.jpg

Украиндағы оқиғалардан Қазақтың алар сабағы аз емес. Соның бірі ақпараттық саясат мәселесі. Неліктен біздің ақпарат кеңісітігі жалғыз ғана мемлекет - Ресейге тұйықталып қалған? Нәтижесін көріп отырмыз – азаматтарымыздың Украинадағы жағдайды бөтен елдің көзқарасымен қабылдауы былай тұрсын, жиі Қазақстаннан гөрі бүйрегі Ресейге бұрылып тұрады. Сұмдық емес пе? Не деген таусылмайтын құлдық сана-сезім? Бұндай жағдай әлемнің бірде-бір мемлекетінде жоқ және ұлттық құндылықтар мен арман-мұраттарына, елдің қауіпсіздігіне зор нұқсан келтіреді. Әдетте, осындайда лауазымды орындар “сынай бергенше, нақты ұсыныс жасаңдаршы” дегенді жиі алға тартады. Ендеше нақты ұсыныс Кабельді тележүйелерде отандық арналарды дамытумен, қазақ тілінің аясын кеңейтумен қатар шетелдік телеарналардын үлесін шектеп, бір жүйеге келтіру. Оның ішінде орыс тілінде ретрансляцияланатын салалы арнарады (Discovery, Animal, TV1000, Sport, History, т.б.) толықтай қазақ тіліне аудару. Екіншіден, оннан аса ресейлік арналардан, айталық, РТР-ды ғана қалдыру. Босаған орындарға Қырғыз, Өзбек, Түрік, Әзірбайжан, Шынжан қазақтары, Қытай, Украина, Грузия секілді достас мемлекеттердің ұлттық арналарын қою. Қазақ көрермені тек Ресейге не орыс тіліне байланып қалмауы, ал демократиялық мемлекетте әр азаматтың өз таңдауы болғаны абзал – бұл оның конституциялық хақы.

Расул Жұмалы, саясаттанушы

(Фб парақшасынан)

Қатысты Мақалалар