Белгілі рунолог-ғалым Аманқос Мектеп-тегі 60 жаста

/uploads/thumbnail/20170708151240849_small.jpg

Биыл белгілі рунолог-ғалым, көсемсөзші,  ҚазҰУ, журналистика факультетінің құрметті ұстазы  Аманқос Мектеп-тегінің 60 жасқа  толып  отыр. 

    Аманқос Мектеп-тегі Құлтанұлы 1954 жылы Ақтөбе  облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген.  Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Журналистер одағының мүшесі. 1979 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1981-1996 жылдар ҚР ҒА-ның А.Байтүрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми кызметкері. 1995-1996 жылдары Республикалық «Жалын» журналы проза бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде оқытушылық қызметте. Аманқос Мектеп-тегі - Әлихан БөкейханАхмет БайтүрсынұлыМіржақып ДулатұлыХалел ДосмұхамедұлыМұхамеджан ТынышбайұлыЕлдес ОмарұлыТелжан ШонанұлыСмахан Бөкейхан т.б. мұрасын баспасөз бетінде алғашқы насихаттаушылардың бірі. Аманқос Мектеп-тегі алаш тақырыбына байланысты зерттеу мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде және «Бес арыс», «Тіл тағлымы», «Аламан», «Халел тағлымы», «Бекет-Ата», «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антолоғиясы», «Антология педагогической мысли Казахстана», «Халел Досмұхамедұлының өмірі және оның шығармашылығы», «Ұлттық рухтың ұлы тіні», «Ағартушы Халел» т.б. монографиялар мен ғылыми-танымдық жинақтарда жарияланған. МЕКТЕП А.К.

       Ғалымның мерейтойына  арналық жазылған  журналистика  факультеті ұжымының  Құттықтау  хатында  былай  делінген: "Журналистика факультеті ұжымының  атынан  Сізді 60 жасқа келген  мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің сонау жас кезіңізден қаламыңыздың қарымды, парасат-пайымыңыздың жан-жақты, кең, ой-толғамдарыңыз терең, пікірлеріңіз тұщымды екеніне баршаға айғақ. Алматы қалалық “Қазақ тілі” қоғамының Басқарма мүшесі, “Түркі әлемі”, “Ұлы Дала тынысы” апталық газеттерінің және “Қызықты психология” Республикалық ғылыми-әдістемелік, танымдық-психологиялық журналдың алқа мүшесі, Қазақстан Ұлттық баспасөз клубының мүшесісіз. Сол бір 1996 жылдан бері ҚазҰУ-да шәкірт тәрбиелеп, әдебиет пен ғылымға белсене араласып, ел үшін ерен еңбек етіп келесіз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 2008–2009 оқу жылының “Үздік оқытушысы” атандыңыз.   Сіз, 1999 жылы кандидаттық диссертация қорғап, осы салада ғылыми ізденістеріңізді бір сәтке де ұмыт қалдырмай,  ары қарай дамытып келесіз. Еңбектеріңізді оқырман назарына ұсынып қана қоймай, оның қыр-сырын көпшілікке түсіндіру міндетін де өз мойныңызға алдыңыз. Сізді   әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне дәріс беруге итермелеген осы игі мұраттар екендігі даусыз.  2001 жыл Түркияның астанасы Анкара қаласында өткен Ысмағұлбек Гаспрәлiнiң туғанына 150 жыл толу мерейтойына арналған симпозиум мен Австрияның Вена университетінде ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасауыңыз Республиканың мәдени өмiрiндегi елеулi оқиға болды.2010–2011 жыл аралығында ҚР Президентінің “Болашақ” бағдарламасы бойынша Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте ғылыми тағлымдамадан өтіп, Познань, Слубица, Торунь, Варшава қалаларында өткен ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасадыңыз. Студенттерге арнап бірнеше оқу құрал, монография жаздыңыз. Сіз ғылым саласында дәл осылай  ыждаһаттылық таныту арқылы Өзіңіз тәрбиелеген шәкірттеріңіз бен барша оқырмандарыңызды ұлттық рухани құндылықтарды бағалауға үйретіп, жас ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтіп, қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбаңызды қалдыра білдіңіз!22

  Құрметті  Аманқос Құлтанұлы!  Ел мүддесі, ұрпақ мұраты  үшін атқарған абыройлы еңбегіңізге  сәттілік,  өзіңізге  зор денсаулық, шаршамас шабыт, таусылмас талант, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Қазақ Елінің   дамуы мен гүлденуі жолында әлі де жасай беретін еңбектеріңіз баянды болсын!" делінген  құттықтау хатта!

"Қамшы"  ұжымы  қазақ түркология  ғылымына  таудай  үлес  қосып, көне  руна  жазуын бүгінгі күні  зерттеп,  жас  ұрпаққа  үйретіп  жүргені  үшін  Аманқос  Мектептегіге  үлкен алғыс  білдіре  отырып,  мерейтойымен  шын  жүректен  құттықтаймыз!

Қатысты Мақалалар