Аты әлемге әйгілі Coco-Cola нарыққа шыққанына қаншама уақыт өткеніне қарамай миллиондардың сұранысынан әлі күнге арыла қоймаған бренд. Десе де ғалымдардың соңғы зерттеулері оның пайдасынан гөрі зиянының шаша етектен екенін ескертіп, дабыл қаққанын, ол әсіресе 2000 жылдардың басында орын алғанын жұртшылық әлі ұмыта қоймаған болар. Нағыз коланың сыртындағы жазылуға тиіс кей ақпарлардың жоқтығы да бұл өнімге деген күдікті одан әрі үдете түсіп, әлем елдері оны айырбастайтын газды сусындар шығару ісіне жаппай кіріскені де мәлім. Осы тұста "Evoca cola", "Mekka cola", "Parcov cola", "Qibla cola", "Afri-cola", "Amrat cola" сияқты атаулар дүниежүзілік өнім өндіру саласына серпін берген болатын. Тағамды халалдап, құрамындағы кей қоспаларға күмәнмен қарайтын мұсылман қауымына коланың араб мемлекеттерінен шыққаны зор қуаныш болған. Енді олар аталмыш сусынды таңдаумен тұтынатын болды. Соның ішінде үлкен сұраныс Иранның "зәм-зәміне" ауған.
"Зәм-зәм" кола Иран халқының өнімі. Оның тарихына тоқталар болсақ, кәсіпкер Ахмед Хаддад Могһаддам 1954 жылы "Пепси кола" шығару ісін бастайды. 25 жылдан кейін Иран Үкіметі осы бастаманы қолдай отырып, оның ауқымын кеңейтуге күш салады. Осы уақыттан бері "Зәм-зәм кола корпорациясы" құрылып, аталмыш сусын жұрттың шөлін басып келеді екен. 2000 жылдары нағыз колаға жарияланған байкот, ирандық брендттің араб елдері арасында танымалдығын арттырған деседі. Көп ұзамай Еуразия аймағында да бұл өнімді тұтынушылар саны күрт артқан.
http://muslim.kz