«Нұрлы Жол» бағдарламасы

/uploads/thumbnail/20170708203635246_small.jpg

Оның орындалуына қатаң партиялық бақылау орнатылады

Мемлекеттік бюджеттен қар­жыландырылған бағдарламалардың орындалуына кедергі келтіріп, қандай да бір олқылықтарға жол бергендер жауапкершілікке тартылатын болады.

Осы туралы «Нұр Отан» пар­тия­сы баспасөз орталығында партия Төрағасы бірінші орын­ба­сарының кеңесшісі Қ.Жұмашев пен партияның Орталық аппараты Ұйымдастыру бақылау жұмысы департаментінің директоры Ж.Қалиевтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Брифинг «Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасының жүзеге асырылу барысын қадағалау және жергі­лікті филиалдарды нығайту бо­йынша атқарылған жұмыс қоры­тындыларына арналған болатын.

Партия Орталық аппаратының Ұйымдастыру бақылау жұмысы департаментінің директоры Жігер Қалиев қазіргі таңда «Нұр­лы Жол» мемлекеттік бағдар­ламасының жүзеге асырылу барысына партиялық бақылау жүр­гізудің жаңа механизмдерінің қол­даныла бастағаны жай­лы хабарлады. Бұл бағыттағы жұ­мысты реттеу мақсатында арнайы ереженің әзірленгенін, осы құжатқа сәйкес мемлекеттік бюд­жеттен қаржыландырылған бағдарламаның орындалуына кедергі келтіріп, олқылықтарға жол бергендер жазаланатынын да айтты. Ал осы бағыттағы жұ­мыс­қа барлық деңгейдегі мәсли­хат­тардағы партия фракция­ларының мүшелері тартылатын болады.

Ж.Қалиевтің айтуынша, өңір­лерде қоғамдық-саяси ахуалды бақылау жұмыстарын күшейту үшін партияда осы салаға мониторинг жүргізудің жаңа ережесі әзірленген.

Сондай-ақ, партия мүшелерінің сапалық құрамының талдауы көрсеткендей, нұротандықтардың қатарында экономика саласы мамандары, шағын және орта бизнес өкілдері, ауыл шаруашылығында еңбектеніп жатқандардың үлесін арттыру қажет екендігі анықталды. Осы санаттағы азаматтарды партияға тарта отырып, болашақта нұротандықтардың санын 100 мыңға көбейту жоспарланған. Кәсіпкерлерді партия қатарына тартып, олармен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі шаралар атқарылмақ.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда республика бойынша «Нұр Отан» партиясының құрамындағы 5665 бастауыш партия ұйымдарында (БПҰ) тіркелген 870 мыңнан астам мүше бар.

Партияның бастауыш ұйым­дары қызметін нығайту мақса­тында биылғы жыл Бастауыш партия ұйымдарының жылы деп жарияланып, осы бағытта нақты іс-шаралар атқарылып келеді. Атап айтқанда, Қытай, Малайзия, Түркия және Сингапур сияқты бірқатар шет мемлекеттердің осы бағыттағы озық тәжірибелері сараланып, біздің мемлекет жағдайында қолдануға бейім­деліп, соның негізінде БПҰ-ның Типтік ережесіне, БПҰ жұмысын ұйымдастыру бойынша әдіс­темелік ұсынымдарға тиісті өз­герістер енгізілді, сондай-ақ, партия мүшелерін электронды дерекқорға тіркеу жұмыстары атқарылды. БПҰ төрағаларын оқыту семинар-тренингтері жүр­гізілуде, партияның аумақтық филиалдары «БПҰ күні» акциясы аясында аптасына 1 рет БПҰ-ға барып, оларға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетуде. Одан бұрын айтылғандай, БПҰ-ның материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шаралар қолданылған. Осы жұмыстар туралы партия Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Қаныбек Жұмашев хабарлады.

Сонымен қатар, оның айтуынша, биыл ең алғаш рет «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы жарияланып, байқаудың 1-ші кезеңінің қорытындысы бойынша 478 бастауыш ұйым 2-ші кезеңге жолдама алды. 2-ші кезең қорытындысы бойынша 45 жеңімпаз байқаудың соңғы кезеңіне өтіп, ендігі жерде республикалық байқау комиссиясының шешімі күтілуде. Қ.Жұмашев осы байқаудың қорытындылары кейін хабарланатынын жеткізді.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар