ЭКСПО-ға ДЕМЕУШІ АЗ

/uploads/thumbnail/20170708203745544_small.JPG

Бұл туралы кеше Ақордада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындықты пысықтаған жиында Елбасы Н. Назарбаев мәлімдеді.

«Көрменің басталуына бір жарым жылдай уақыт қалды. Барлық құрылыс жұмыстары келер жылдың күзіне дейін аяқталуы тиіс. Экономикалық қиындықтарға қарамай осы іс-шараға қажет қаржыны бөліп жатырмыз» деген Елбасы көрмені өткізуге дайындықта ешқандай түсініксіз мәселе жоқ екеніне мән берді. Сондай-ақ, ол көрмені белгіленген тақырыпқа сай толтыру мәселесіне назар аудартты.

Елбасы көрмені өткізуге дайындық жұмысына отандықк омпаниялардың қатысу үлесінің аздығына көңілі толмайтынын да жеткізді.

«Ұлттық және трансұлттық компаниялардың потенциалы мүлде пайдалынылмай отыр. Бұл жалпықазақстандық шара болған соң, олар да қатысуы керек. Қазақстандағы барлық жер қыртысын пайдаланушы компанияларды жұмылдыру керек. Осындай барлығы 39 компанияның бүгінде тек екеуімен ғана әріптестік туралы меморандум, біреуімен демеушілік туралы келісім-шарт жасалған. Бұл жеткіліксіз» деді Президент Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ірі жер қыртысын пайдаланушылардың беделін Siemens, Samsung, Toyota, тағы басқа озық технологияларға ие әлемдік компанияларды ЭКСПО-2017 көрмесіне шақыруға пайдалану керектігін де ұсынды.

«Біздегі жер қыртысын пайдаланушылар олардан ірі көлемде құрылғылар мен жаңа технологиялар сатып алады. Осы байланыстарды тиімді пайдалану керекпіз. Әрбір отандық кәсіпорын әлемдік брендтермен өз жаңалықтарының тұсаукесерлерін біздің елдегі көрмеде ұйымдастыруы туралы келісіиге келулері қажет. Бұл мәселемен айналысуды Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктеймін» деген нақты тапсырма қойған Президент көрмеге балама технологияларға ие жетекші елдердің қатысуына қол жеткізу керектігіне баса назар аудартты.

«Қамшы» сілтейді 

Қатысты Мақалалар