Бұл туралы Ақ Орданың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев хабарлады.
Отандық ақпарат құралдарының сауалдарына онлайн-режимде жауап берген Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев елде лаңкестікке қарсы қауіпсіздік мәселелері туралы түсінік берді. Қазақстандық арнайы қызмет органдары ел тыныштығын сақтау үшін барлық күшін жұмсап жұмыс істеп жатқанын жеткізген ол елімізде жақында «Ислам лаңкестікке қарсы» атты форум өтетінін де айтып қалды.
«Қазір көптеген елдердің басшылары осы идеяға қолдау білдіріп жатыр. Форумның өтетін нақты уақыты мен форматы туралы айтуға әлі ерте. Қазір ұйымдастыру жұмыстары дайындық сатысында жүріп жатыр» депті Ақ Орданың баспасөз хатшысы.