Алматы автобустарына орнатылып жатқан «Оңай» электронды билеттендіру жүйесі қазақ тілінде ақпарат бере бастады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Алматы көлік холдингі» ЖШС-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Оңай» жүйесі құрылғылары экранындағы мәліметтер енді қазақ және орыс тілінде орналастырылуда. Әзірге, «Жол ақысын төлеу үшін картаны салыңыз» және «Карта жөніндегі ақпарат» мәліметтері қазақ тіліне аударылған. Алдағы уақытта, жүйенің барлық мәтіндік мәліметтері қазақ тіліне аударылады» дейді компания баспасөз қызметіндегілер.