Парламент мәжілісі тарап, жақында сайлау өтеді деген ақпарат ел арасынжа желдей есіп жүр. Тіпті, кейбір жарнама агенттіктері мен PR-орталықтар сайлау кезінде көрсетілетін үгіт-насихат қызметінің бағаларын да жариялай бастады.
Жақында депутаттар сайлау мәселесіне қатысты журналистерге пікір білдіріп, мәжілісті тарату мәселесінің биліктің жоғары сатыларында сөз болып отырмағанын айтқан.
«Нұр Отандық» депутат Мәулен Әшімбаев кезектен тыс сайлау қазіргі уақытта талқылануы тиіс басты тақырып деп санамайды.
«Мәжіліс, менің ойымша, жаман жұмыс істеп жатқан жоқ. Біз экономика, әлеуметік сала, бес институционалды реформа бағдарламасына қатысты елуден астам заң қабылдадық. Осы мәселелерді талқылап, осы мәселелерге назар аудару керек. Менің жеке пікірім – сайлау заңда белгіленген мезміде өтеді» дейді ол.
Коммунист-депутат Айқын Қоңыров та сайлау туралы жоспарларының жоқтығын, алайда, саяси додаға кез-келген уақытта әзір екендіктерін айтқан.
«Мәжіліс тарайды деген әңгіме шақырылым басынан бері айтылып жүр. Мәжілістің ішінде осы мәселеге байланысты себептерді көріп отырғаным жоқ. Келер жылға, келер жылдың бірінші тқсанына арналған жұыс жоспары бар. сондықтан, жаңа жылда Мәжіліс тарайды деп ойламаймын» дейді Айқын Қоңыров.
«Ақжол» партиясының серкесі Азат Перуаешв сайлаудың 2016 жылы өтетінін, бірақ, науқан нақты қай мезгілде болатынын айта алмайтынын жеткізді.
«Менің ойымша, осы Мәжіліс өкілеттігінің мерзімі аяқталуға жақын. Біз 2012 жылдың басында сайландық. Регламент бойынша сайлау келер жылы өту керек. Ал, сайлау жыл басына, аяғына тура келе ме – ол жағын айта алмаймын. Бұл заңмен қарастырылған мәселе. Мен бұдан ешқандай ерекшелік көріп тұрғам жоқ» дейді Азат Перуашев.