Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінісі салдарынан бірнеше үй зақымданды

/uploads/thumbnail/20170708203800294_small.jpg

Бүгін түнде Қырғызстанның оңтүстігінде жер асты дүмпулері орын алып, бірнеше ғимаратқа зақым келді,-деп хабарлады ТАСС елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі сәтте 5 үйдің зақымданғаны белгілі болды. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда, деп атап өтті министрліктен. - Олар жер сілкінісі салдарының ауқымын анықтап, кешке қарай соңғы мәліметтерді хабарлайды». 
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында түнде жер асты дүмпулері орын алды, магнитудасы - 5,6-5,7. Жер сілкінісінің кіндігі облыс орталығы Ош қаласынан 35-45 шақырым жерде орналасқан.

«Қамшы» сілтейді 

Қатысты Мақалалар