Алматы әкімдігі Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткішті неге қоршап қойды?

/uploads/thumbnail/20170708203804763_small.jpg

Тәуелсіздік күніміз бен Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын еске алар, 16-17 желтоқсан жақындаған сайын біздің елде «дайындық жұмыстары» қызу басталады. Көзге көрініп тұрған дайындықтар болмаған соң, қандай дайынықтар деп ойлайтын боларсыздар. Ол дайындық жаңа жыл сияқты мерекелік көңіл күйдегі дайындықтар емес, керісінше үрей мен күмәннан туған сақтық шараларының дайындығы еді.

Алматыда 7 жыл әкім болған Ахметжан Есімов мырза кезінде тәуелсіздік күніміз 6 рет аталып өткен еді. Соның бір де бірінде Алматыда болмаған әкім Алматы студенттерін үйіне қайтарып жіберіп, өзі ауылына барып туған күнін тойлайтын болған. Оны кезекті бір баспасөз мәслихатында өзі де мойындады. Жылда 16-17 желтоқсан күндері Алматыдағы Тәуелсіздің монументі мен Желтоқсан құрбандарына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне келіп гүл шоғын қойып, құран бағыштайтын 20 адамның «қауіпсіздігін» 200 полиция «қорғайды». Биыл да Алматыда сондай кезекті «дайындық жұмыстары» басталыпты. Бірақ, Есімовтың кезіндегідей емес.

Кеше кеште Сәтбаев пен Желтоқсан көшесінің қилысында орналасқан, Желтоқсан рухына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің қоршауда тұрғанын көрдім. Көңілге бірден «Есімов мырза Желтоқсан батырларына құран бағыштамады деп жүргенде Бауыржан Бәйбек келіп бәрімізді ескерткіш маңайына жолатпайын деді ме?» деген қорқынышты ой келді. Тәуелсіздік күні жақындағанда не қылған жөндеу жұмыстары, бұның артында бір саяси қитұрқылық тұр ма деген ойдан ада болу үшін Алматы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Саясат Нұрбек мырзадан көкейімдігі сұрақтарды қойып, «Ол жерде 25 қарашаға дейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі»,- деген жауап алдым. Сонымен бірге, Саясат Нұрбек мырза озінің фейсбук парақшасындағы осы туралы жазған жазбасының сілтемесін көрсетті. «2006 ж. қыркүйектің 18-і күні Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші ашылған еді. Желтоқсан оқиғасының 29 жылдығына орай Желтоқсан мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін жиналыс өткізіп мердігермен осы айдың 25-не дейін бітіруге келістік»,- деп жазыпты С. Нұрбек мырза 16 қараша күні.

Міне, бұл да болса Саясат Нұрбек сияқты ұлттық құндылықтарды жоқтаушы азаматтардың билікте болғанының арқасы. Естеріңізде болса, Берік Уәли Оңтүсік Қазақстан облысының ішкі саясатын басқарып тұрған кезінде облыс әкімінің облыста тәуелсіздік күні өтпейінше жаңа жылға дайындық жұмыстарын бастамау туралы шешім қабылдауына әсер етіп, қазір «Нұр Отандықтар» сол бастаманы бүкіл Қазақстанға үндеу етіп тастап отыр. Саясат Нұрбек мырза да жас әкім Бауыржан Бәйбекке ұлттық құндылықтарды ұлықтау жағында өз ықпалын жүргізіп отырған болса керек. Сондықтан да, ресми биліктің өзі қадыріне жетпеген Желтоқсан көтерілісін ұлықтап, құрбандарға тағзым ретінде ескерткішке жөнде жұмыстарын жасап жатса керек. Енді, бергіленген уақытта жөндеу жұмыстары сәтті аяқталсын деп тілейік.

Ресми биліктің өзі қадіріне жетпей отыр дегенім, 17 желтоқсанды Қазақстанның демократиялық жаңару күні деп маймөңкелемей, Желтоқсан көтерілісін еске алу күні деп атау керек еді. Бірақ, Желтоқсанн көтерілісінің 29 жылдығын да демократиялық жаңару күні деп атап өткелі отырмыз. Құдай қаласа, шыршаның орынына ескерткіштерді түгендеп жүрген жігіттер жоғары билікке барғанда, 17 желтоқсанды Желтоқсан көтерілісін еске алу күні деп ашық атайтын болармыз.

Тұрдыбек Құрметхан

«Қамшы» сілтейді.

Қатысты Мақалалар