Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісін өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың қызметіне көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
«Егер бізде дұрыс қаржы министрі, қазынашы болса, ол әрбір тиынды мұқият санаған болар еді. Шамасы, бұл орынға Жәмішевті қою керек сияқты. Ол бәлкім біраз адамдарға тік мінезімен ұнамайтын шығар. Кейде маған да ұнамайды. Бірақ ол тік мінезімен мемлекет мүддесі үшін жұмыс істей алады» деді Президент Үкімет мүшелерімен өткізген жиында.
Бүгін Ақ Ордада Елбасы Үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізіп, 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың жай-жапсарын талқылағанын естеріңізге саламыз.