Елбасы жыл соңына дейін Жолдау жасайды

/uploads/thumbnail/20170708203853435_small.JPG

Президент Нұрсұлтан Назарбаев биыл жыл соңына дейін халыққа кезекті Жолдауын жасайтынын мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыр кезеңде қандай шараларды қабылдау керектігі туралы Жолдауында айтатынын, оны осы жылы жариялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Бүгін негізгі мәселелерге ғана тоқталдым. Күрделі кезеңде қандай шаралар қолданатынымыз туралы кезекті Жолдауда айтатын боламын, оны  осы жылы жариялау жоспары бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, "осынау күрделі кезеңде Үкімет пен аудан әкімдері экономикалық өсімді ынталандыратын барлық қорды қарауы керек".

"Үкіметте шағындалған шаралар бар, дағдарыс кезінде қандай шаралар қолдану керектігі игерілген. Мен Үкіметтің келесі жылдың бюджетін қайта қарау ұсныысын қолдадым", - деді Елбасы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар