Достығымыз жарасқан

/uploads/thumbnail/20170708203949671_small.jpg

Биыл Семейдегі татар этномәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Достық үйінде ұйымдастырылған шарада тек татар қыздары емес, қазақ, орыс арулары да өнер көрсетіп, сан ғасырлық тарихы бар татар халқының ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлерін дәріптеді. Және әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері арасындағы достықты нығайтуға да көп мән берілді.

Осыған орай ұйымдасты­рыл­ған арулар сайысында қыздар бай­­қау шарты бойынша алдымен өздерін таныстырып, кейін татардың ұлттық тағамы – «салма» дайындаудан жарысты. Қазылар алқасы алдын ала дайындалған ас­паздық дәмдердің де қайсысы үздік екенін таңдады. Дәстүрлі киім үлгісін таныстыру да бай­қау шарттарының бірі болды. Қа­тысушылар зияткерлік бөлімде та­­тар мақалдарының мәнін ашуға күш салса, шығармашылық сайыс­та ән айтып, би биледі. 3 са­ғат­­қа созылған байқаудың бас жүлдесі Семей медициналық уни­­вер­ситетінің студенті Гүлиля На­сыроваға бұйырды. Басқалары да сый-сияпаттан құр қалған жоқ.

«Мен Қазақстанда туып-өстім. Қазақстан – менің Отаным. Бірақ, өзім татар болғандықтан, осы бай­­­қаулар арқылы өзімнің татар екенімді дәлелдегім келді. Татар қы­зының қолынан бәрі келуі керек. Яғни, ол болашақта келін болады. Қонақ күтуді, тағам пісіруді білуі тиіс. Болашақта бәрі жақсы болсын!» – деді байқаудың бас жүл­дегері Гүлиля Насырова.

Семейде, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай­ластырылған татар өнерінің халықаралық фестивалі өтті. Осымен 16-рет ұйымдастырылған мәдени шараға Қазақстан мен Ресей­дің 400-ден астам өнер ұжы­мы қатысты. 3 күнге созылған өнер бәйгесінде түрлі татар ән­дері мен билері ғана емес, музыкалық ас­паптардың сиқырлы үні де кө­рер­­мен көңілін жаулап алғаны анық.

Қазақстан халқы Ассам­блеясының 20 жылдығына орай «Татар халқының тарихи-мәдени мұралары және қазіргі заман» атты тақырыпта халықаралық ғы­­лыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Бұл шараны «Та­тар» қоғамдық орталығы мен татарлардың әлемдік конгресі және Семей қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Шығыс Қазақстан облыстық татар қоғамдық орталығының 25 жылдығына орай өткізілген ша­раға ғалымдар, өлкетанушылар, қо­ғам қайраткерлері қатысты.

– Аталған шараны өткізудегі мақсат әлемнің әр түкпіріне та­ры­­дай шашыраған татар ұл­­ты­ның этностық мәдениетіне қо­ғам­­­­ның, зиялы қауымның назарын аудару, оның бай мұрасын сақ­тау болатын, – дейді шара­ны ұйымдастырушылардың бі­рі Камалия Исмаилова. Халық­аралық ғылыми конферен­ция­ға Мәскеу, Қазан, Алматы, Өс­­­ке­­­мен қалаларынан 40-тан аса құрметті мейман келді. Сондай-ақ, іргелі басқосуға Семей қала­сын­дағы Шәкәрім атындағы мем­­ле­кеттік университеттің ға­лым­дары, атап айтқанда, тарих ғылымдарының кандидаты М.Кәрімов, белгілі ғалым, тарихи мұраларды зерттеуші Амантай Исин келді. Басқосуға өңіріміздегі мұражайлар мен кітапханалар қызметкерлері, жоғары оқу орын­дарының ұстаздары мен студенттер қауымы да қатысты.

Шараға қатысушылар­ды ең алдымен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы құт­тықтады. Сөз алғандар қа­та­рында, сонымен қатар, Халық­аралық татарлар конгресі төр­аға­сының бірінші орынбасары Д.Шакиров, Татарстанның Қазақстандағы өкілі Р.Валиуллов, еңбек ардагері, Татар қоғамдық қоры төралқасының мүшесі Р.Хасанова болды.

Шарадан соң күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізіліп, көр­кейіп келе жатқан Ертіс жаға­ла­уында татар ақыны, публи­цист Ғабдолла Тоқайдың ес­керт­­­кішіне гүл қою рәсімі өтті. Ба­уыр­­лас татар халқының ұлы пер­зен­ті­не арналған шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Халықаралық татарлар конгресі төрағасының бірінші орынбасары Данис Шакиров, сонымен қатар, депутаттар мен шаһарымыздың зиялы қауым өкілдері қатысты.

Семей өңірінде жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Олар тілі мен салт-дәстүрін сақ­­­тап, мәдениетін байытуда. Солардың қатарында татарлар да бар. Қалада 12 мыңнан аса татар тұрады. Олар тілі мен дәстүрінен ешқашан ажыраған емес. Өз арасынан шыққан таланттарды да әспеттеп отырады.

Дереккөз: "Егемен Қазақстан"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар