Биыл облыстық мәдениет, мұрағат мекемелеріне мемлекеттік бюджеттен 1 млн 651 мың теңге бөлініп, 99,9% игерілді.
Оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстарына 545,6 млн теңге қарастырылды. Облыстық мәслихат шешімімен бюджетке қосымша 16,7 млн теңге бөлінді.
Бүгінде мәдениет және мұрағат мекемелерінің желісіне 562 нысан кіреді. Оның ішінде: 245 мәдениет үйлері мен клубтар, 268 кітапхана, 21 музей, 2 галерея, 19 мұрағат, 5 облыстық мәдениет мекемелері және 2 видеомобиль бар.
Биыл облыстық мәдениет мекемелерінің саны Панфилов ауданының Диханқайрат ауылдық клубы мен кітапханасы, Талдықорған қаласының Еңбек ауылдық клубымен толықты. 8 мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік бюджеттен Қарасай аудандық мәдениет үйі мен Талғар аудандық кітапханасы, жергілікті бюджеттен Бикен Римова атындағы облыстық драма театры, Жамбыл ауданындағы Сүйінбай және Жамбыл музейлері, Қапшағай қалалық кітапханасы, Ескелді ауданындағы Н.Алдабергенов музейі және Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылдық мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары аяқталды.
Биылғы жылдың 9 айында 31 мыңнан астам шара өткізіліп, 5 млн 350 адам қамтылды. 2014 жылғы 9 айда өткізілген шараларға қарағанда 10 пайызға артты. Осы кезеңде облыстық мәдениет мекемелері 15 миллионнан астам теңгеге ақылы қызмет атқарды. Өткен жылмен салыстырғанда, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның репертуары жаңартылып, өткізген концерттерінің саны 53-ке артып, 139-ға жетті. Оның ішінде 45 гастрольдік сапар бар. Ал «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі биыл 2440 адамның қатысуымен 38 концерт ұйымдастырды. Оның ішінде 10-ы – гастрольдік сапар. Бикен Римова атындағы облыстық драма театры сахнасында 60-қа жуық спектакль қойылып, 8 мыңдай көрермен қамтылды. Күрделі жөндеу жұмыстарына 95,6 млн теңге қаржы қарастырылды.
Сөйтіп, барлық мәдениет үйлері мен клубтарда өткен жылы 21 мыңнан аса шара өткізілсе, биыл 24 мыңға жуық іс-шаралар ұйымдастырылып, аудандық, қалалық мәдениет үйлердің табысы 28 млн теңгеден асқан. Клуб құрылымдарының саны – 1102-ге өсіп, қатысушылар саны 15481-ге жетті. Соңғы үш жылда «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар 65 ұжым қызмет көрсетсе, 2015 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің №120 бұйрығымен 23 ұжымға толығып, жалпы саны 88-ге жетті.
Барлық кітапханаларға 83 мыңнан астам кітап алынып, кітап қоры 5 млн данадан асты. Биыл «Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс», «Жетісудың жеңімпаз жауынгерлері», «Ақыл парасаты» атты жаңа кітаптар оқырмандарға жол тартты.
400-ге жуық экспонаттар қамтылған галереяларда 149 экскурсия, 39 лекция, 35 көрме өткізілді. 61 мыңнан асатын экспонаттары бар музейлерде 1740 экскурсия, 258 лекция, 232 көрме өткізілді. Облыста жалпы, 2333 тарихи және мәдениет ескерткіштер тіркелген. Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған 120 ескерткішке жөндеу жұмыстарын жүргізуге 100 млн 500 мың теңге бөлініп, аудан, қала әкімдіктері тарапынан барлық ескерткіштерге абаттандыру, тазалау, мәдени нысандарды жөндеу мен қорғау бағытындағы жұмыстар жүргізілді.
Мұрағат мекемелері 25867 тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұранымдарды орындады. «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, «Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесін құруды облыс бойынша мұрағат мекемелері биыл электрондық жүйеге 3727 қордың 8965 тізімдемелерін енгізді.
Дереккөз: Айқын-ақпарат