Мақталы аудан дақыл түрлерін көбейтті

/uploads/thumbnail/20170708204016530_small.png

Ақ алтынды аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында биыл 77 мың гектарға мақта, 28,2 мың гектарға бақша, 3,5 мың гектарға түрлі көкөністер егілді.
 Бұдан бөлек картоп, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, күріш, жоңышқа, бидай мен арпа, күнбағыс, маш, жеміс-жидек, жүзім егілген. Байқап отырғанымыздай, бір кездері негізінен, мақта  шаруашылығына мән беретін аймақ уақыттың талабына сай қазір дақыл түрлерін әртараптандырған. 
– Осы жылдың 9 айында ауыл ша­руашылығы бойынша жалпы өндірілген өнімнің көлемі  34 млрд 716,8 млн теңгеге жетті. Былтырғы осы мерзіммен салыс­тырғанда нақты көлем индексі 100,3 пайызды құрап отыр, – дейді Мақтаарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мырза. – Жыл сайын ауданға қарасты 136,1 мың гектарға суармалы егістік жердің басым бөлігіне мақта дақылы егіледі. Тұрғын­дардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары алынған өнімнің көлеміне және оның нарықтағы бағасына байла­нысты. 
Өткен жылы 86 мың гектар жерге мақта дақылы егіліп, орташа өнімділік  гектарына 25,6 центнерді құрап, барлығы 220,4 мың тонна өнім жиналса, биыл 77 мың га жерге егілген мақта дақылынан 180-190 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Аудан көлемінде орналасқан 8 ірі мақта өңдеу зауыты мен 4 кіші мақта өңдеу цехы және 142 мақта қабылдау бекеттері мақта шикізатын қабылдауда. 
Аудандағы ірі, орта және шағын 27 кәсіпорын осы жылдың 9 айында 6359 млн теңгеге  өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 104 пайызға жеткен. 2015 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің саны – 25168  бірлікке жетіп,  салада 32834 азамат жұмыспен қамтылған. Өндірілген өнім (тауар және қызмет)  көлемі 41798  млн теңгені құрап, бюджетке – 369,1 млн теңге аударылған. Көрсеткіштердің барлығы өткен жылғының тиісті деңгейінен өскен. 
Атқарушы биліктің міндеттерінің бірі – шағын бизнесті дамыту, жұмыссыздықтың төмендеуіне, нарықты отандық тауармен толықтыруға мүмкіндік жасаудың ша­раларын қарастыру. Осы орайда ауданда кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы ашылып, кәсіпкерлерді бизнес негіздеріне оқытумен бірге бизнес жобалар дайындауда, құжаттарын рәсімдеуде, одан бөлек бухгалтерлік, салықтық есептер дайындау бойынша қызметтер көрсетуде.  2015 жылдың 9 айында орталыққа келген 1,5 мыңға жуық  азаматқа тиісті қызметтер тегін көрсетілді. 
«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылдың 9 айында жаңа техно­логия­ларды пайдаланған 925 млн теңгеге 5 ин­вестициялық жобаны  ӨҮК (өңірлік үйлестіру кеңесі) мақұлдап, Индустриалды карта аясында іске асырылуда. Бағдарлама аясында биылғы жылдың соңына дейін 4 жобаны іске қосып,  80 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.    
– Мақтаарал ауданының 2015-2017 жылдарға арналған әртараптандыру бағдарламасы аясында 10 мың тонна көкөніс пен жеміс сақтауға арналған 4 қойманы салу жоспарланған болса, жыл соңына дейін оның екеуі пайдалануға берілмек. Бүгінгі таңда «Мақтаарал ЭкоПродукт» ЖШС сыйымдылығы 3000 тонналық қойманың құрылысын аяқтап, осы қараша айында пайдалануға беру көзделуде. «Ердешов» ЖК 2000 тонналық қойманың құрылысын жүргізуде, – дейді аудан басшысы Жамантай Қанайұлы. – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағ­дарламасы аясында ауданға инвестиция тарту жұмыстарына аса көңіл бөлінуде. Аталмыш бағдарламаны  іске асыру мақсатында насихат топтары құрылып, әр ауыл округінде семинарлар ұйым­дас­тырылып және аудандағы кәсіп­керлікті қолдау орталығында бағ­дар­ла­маның негізгі тетіктерін кәсіпкерлерге түсіндіру бойынша оқу-семинарлары  тұрақты жүргізілуде. Нәтижесінде, «Биз­нестің жол картасы – 2020» бағдарламасы  аясында  2015 жылдың 9 айында нақты 12 жобаның құжаттары  қаралып, ӨҮК-ның шешімімен мақұл­данды. 
Ауданға 2015 жылғы 9 айдың қоры­тындысымен жалпы 7844,9 млн теңге инвестиция тартылған болса, оның  1715,7 млн теңгесі республикалық бюджеттен, 3896,4 млн теңгесі  жергілікті бюджеттен, ал 2197,6 млн теңгесі кәсіпорындармен жеке сектордың инвестициялары. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 118,9 пайызға артып отыр. 
Ауданда жүргізіліп жатқан әртарап­тандыру бағдарламасы көкөніс, жеміс-жидек өнімінің көлемін арттыратыны сөзсіз. Заманауи логистикасыз жеміс-жидек, бақша, көкөніс өнімдерін сапалы түрде экспортқа шығару мүмкін емес. Осыған байланысты шаруалардың өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында  ауданның кіреберісіндегі Азаттық ауылынан заманауи үлгідегі сауда логистикалық орталығының құрылысына 9 гектар жер учаскесі резервке алынды. Логис­тика­лық орталық ау­мағында заманауи көтерме-бөлшек сауда орталығының құры­лысы 2015-2017 жылдарға жоспарланған.  Сауда логис­ти­калық орталығында кезеңдер бойынша салынатын нысандарды бекітіл­ген іс-шара жоспарына сәйкес іске асыруға ниет білдірген 5 кәсіпкердің  инвестициялық жоба­ла­ры қаралуда. 2 жоба ӨҮК-ның   шешімі­мен ма­құлданып, іске асырылуда. 

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар