Украинадағы жағдай мүлде ушығып барады. Қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 75-ке жетіп, 500-ден астам адам жарақат алған. Бүгін түнде Львовотағы «Бүркіт» жасағы жатқан жерде өрт шығып, арнайы бөлімшенің 2 сарбазы көз жұмды. Олардың мүрдесі жалын ауыздықталғаннан кейін бірақ анықталған. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Бейресми ақпарат бойынша қақтығыстар басталғалы бері опат болған әскерилер саны 10 адамнан асқан. Ал Жоғарғы Рада лаңкестікке қарсы күрес шараларын тоқтатуды ұйғарды. Шұғыл өткізілген жиын барысында, 236 депутат арнайы жасақты халыққа қарсы қолданбауды мақұлдап, қантөгісті түбегейлі тоқтатты. Қабылданған құжат бойынша құқық қорғау органдарының барлық сарбазы өз жасақтарына қайтуы қажет. Енді заңға сәйкес, көліктік байланыс жүйесіне кедергі келтіруіне болмайды. Есесіне, қала мен елді мекендерде тұрғызылған барлық бекініс пен бөгеттерді алып тастауға тура келеді. Қаза тапқандың жақындары мен жарақат алғандарға көмек көрсетіледі. Ал халық қалаулылары елдегі дағдарыс толық бітпейінше пленарлық жүйеде қызмет атқармақ. www.24.kz